Үкіметте "банкроттық туралы" заң жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте "банкроттық туралы" заң жобасы талқыланды

25.03.2022

Ал банкроттық туралы өтініштерді беру рәсімі жеңілдетілуі мүмкін. Бүгін Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы талқыланды. Құжат қаржылық қиындыққа тап болғандардың борыш жүктемесін азайтып, әлеуметтік жағдайын реттеуге бағытталған. Заң жобаларын талқылау кезінде жұмыс тобының 10 отырысы өтті, 100-ден астам ұсыныс қаралды. Енді заң жобасы Парламентте қаралуы керек.


Хабарламаларға жазылу