Батыс Қазақстан облысына 106 арнайы техника жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысына 106 арнайы техника жіберілді

15.04.2024

Сыр өңірінен 106 арнайы техника, су басу қаупі төнген Батыс Қазақстан облысына көмекке жіберілді. Жергілікті әкімдіктің бастамасына, ірі компаниялар мен кәсіпкерлер қолдау білдіріп, қиындыққа тап болған аймақтарға жәрдем керуені аттанды.

Алғашқы лекпен жүк тиейтін, құм-тас таситын көліктер мен эксковаторлар, темір жол қатынасы арқылы жолға шықты. Сондай-ақ, жолаушы вагондары тіркеліп, әр техниканың жүргізушілері мен мамандары қоса аттанды. Жалпы бұған дейін су тасқыны болған аймақтарға Сыр өңірінен 296 құтқарушы, 135 техника жіберілген болатын.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу