«Астана LRT» 208 млн долларды Астана банкі депозитінде сақтауы заңсыздық - Жанна Ақжанова

18.11.2020

«Астана LRT» компаниясының 208 млн долларды Астана банкі депозитінде сақтауының өзі – заңсыздық. Компания басшысының міндетін атқарушы Жанна Ақжанова осылай деді. Нұр-Сұлтанда іске қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Жанна Ақжанова 2016 жылы компанияға аудит жүргізген. Сол кездің өзінде 208 млн долларды Астана банкіндегі депозитте сақтауға қатысты сұрақ туғанын жеткізді. Айтуынша, қаражат саларға банктің экономикалық жағдайы, алдағы банкрот қаупі ескерілмеген. Яғни қомақты сома капиталы екі есе аз банкте сақталған.  

Ақерке Бектас


Жанна Ақжанова Астана LRT Астана банкі депозит

Хабарламаларға жазылу