Сібірде мутацияланған коронавирус табылды. Мұны «Роспотребнадзор» басшысы Анна Попова мәлімдеді. Зерттеулерге қарағанда, Қазақстанға мейлінше жақындаған инфекция тез тарағанымен, Қытайда табылған штаммен салыстырғанда аса қауіпті емес.
Ал, Берлинде мыңдаған адам шеруге шығып, канцлер Ангела Меркельдің үкіметке карантин жариялауға өкілеттік беру жоспарына наразылық білдіріп жатыр. Бұл туралы заң қабылданатын болса, министрлер кабинеті әлеуметтік қатынастарға, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішуге, спорттық шараларды өткізуге шектеу қоя алады. Сонымен қатар, басшылық дүкендерді жабу мен маска тағуға міндеттеу құқықтарына да ие болмақ. Демонстранттардың ойынша, үкіметтің қолына тым көп билік берілсе, елде 1933 жылы Гитлер диктатурасына жол ашқан жағдай тағы қалыптасуы мүмкін.
Айта кетсек, Еуропаның ең ірі экономикасы – Германия қазір пандемияның екінші толқынымен күрес жүргізіп жатыр. Мұнда коронавирусты 833 мыңнанм астам адам жұқтырып, қауіпті инфекциядан 13119-ы қайтыс болған.
Арыстан Рысбек