Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
Жаһандық сауда-саттық көлемі алдағы уақытта 40 пайызға дейін кемуі мүмкін. Коронавирус дағдарысынан бүкіл әлем соққы алды. Бұл Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бірақ, қиындықтарға қарамастан сауда айналымы, инвестиция тарту тетіктері жетілдіріле береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетел инвесторлары кеңесінің отырысында осы және өзге де мәселелер қамтылды. Оған ірі шетелдік компаниялардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдар және ұлттық компания өкілдері қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
-Коронавирус дағдарысының салқыны тимеген сала жоқ. Осындай қиын кезеңде бізбен бірге болған компаниялардың барлығына алғысымды білдіремін. Қызметкерлерін медициналық жабдықтармен қамтып, қаржылай көмек көрсетті. Жаһандық экономикада да тұрақсыздық байқалып отыр. Әлемдік экономика қысымға ұшырап жатыр. Сауда айналымы 7-ден 10 пайызға дейін қысқарды. Табыс 10,6 пайызға кеміді. Біз халықаралық сауда мен инвестиция бойынша әріптестікке қашанда ашықпыз.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейге адыраспан апарғандар өмір бойғы жазаға кесілуі мүмкін
12.02.2026, 13:18
UAE SWAT Challenge: Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
12.02.2026, 13:15
Жаркент мешітіне келетін туристер көбейді
12.02.2026, 13:12
Қарағанды облысында 10 мектептің құрылысы аяқталған
12.02.2026, 13:09
Ресей халқының несие қарызы ₽1,65 триллионға жетті
12.02.2026, 13:06
Түркістан облысында алимент төлеушілердің мәселесі талқыланды
12.02.2026, 13:03
Жаңа Конституция жобасы: Әр бапқа жүзден аса ұсыныс түскен
12.02.2026, 13:00
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33