Арыстан баб кесенесіне зиярат жасап келген 60 жастағы зейнеткер бір өлімнен аман қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстан баб кесенесіне зиярат жасап келген 60 жастағы зейнеткер бір өлімнен аман қалды

16.11.2020

Түркістан облысында туристік полиция қызметкері дем жетпей қысылған зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Арыстан баб кесенесіне зиярат жасап келген 60 жастағы түркістандық тұрғын өзін жайсыз сезініп, тыныстай алмай қинала бастаған. Мұны байқап қалған Отырар аудандық патрульдік полиция тобының инспекторы Рахымжан Ниязбеков оған жасанды тыныс алдырып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Кейіннен қызметтік көлігімен баратын жеріне жеткізіп салған.

Рахымжан Ниязбеков, Отырар аудандық патрульдік полиция тобының инспекторы:
Ауырған кісілер келеді, соларға көмектесеміз. Үлкен кісілер бара алмайды, соларды апарамыз. Алғыстарын айтып кетеді. Қолдан келген көмегімізді көрсетеміз оларға.

Айнұр Ақбаева

Түркістан облысы

Хабарламаларға жазылу