Молдавия президент етіп Майя Сандуды сайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Молдавия президент етіп Майя Сандуды сайлады

16.11.2020
Молдавия президент етіп Майя Сандуды сайлады

Майя Санду Молдавиядағы президент сайлауында жеңіске жетті. Бұл туралы Еuronews хабарлап отыр.

Елдің ОСК мәліметтері бойынша, Еуропалық әрекет және ынтымақтастық партиясының жетекшісі 57%-дан астам дауыс жинады, ал оның қарсыласы Игорь Додон шамамен 42% дауыс жинаған. 

«Бүгін біз молдавандардың таңғажайып ынтымағына куә болдық. Дағдарысқа, мемлекеттік институттарға деген сенімсіздік пен «арам»  үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, көп адам дауыс беруге келді», - дейді Молдавияның жаға сайланған президенті.




Майя Санду Молдова президент

Хабарламаларға жазылу