Галышеваның нәтижесі «алтынға» лайық еді – М. Елисеева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Галышеваның нәтижесі «алтынға» лайық еді – М. Елисеева

10.02.2014
Галышеваның нәтижесі «алтынға» лайық еді – М. Елисеева
Қазақстаннның жоғары дәрежедегі ұлттық төрешісі Майя Елисеева Сочи Олимпиадасында сынға түскен Юлия Галышеваға қатысты пікірін білдірді. 50 жылдан астам тау шаңғысы спортшында төрешілік етіп жүрген маман қазақстандық спортшының «алтынға» лайықты нәтиже көрсеткенін айтады.
 
«Біз Юлия Галышеваның жүлделі орынға ілігетініне сенімді болдық. Техникалық жағынан іріктеуді сәтті аяқтады. Уақыты жағынан да көрсеткіші жақсы болды. Тек ресейлік спортшыдан кейін тұрды. Америкалық және канадалық спортшылардың уақыт бойынша деңгейі төмен болды. Олардың техникалық жағынан да қателіктері жібергені көзге көрініп тұрды. Юлия әр төмпешіктен сәтті өтіп, секіруді де керемет орындады. Ол сияқты ешкім секірмеді. Қасымда бірнеше маман тұрды. Галышеваның «алтын» алатынына сенімді болып едім», - дейді Майя Елисеева.  
 
Маманның сөзінше, қазақстандық тараптың  төрешілердің шешіміне қарсылық білдіруіне болатын еді. Алайда шағым жартылай финал кезеңі аяқталғаннан кейін 15 минут ішінде берілуі тиіс. «Бұл аралықта шағым жасап үлгеру керек. Бірақ шағым қаралмауы да мүмкін, өйткені финалдық жарыстар басталып кетті», - дейді Майя Елисеева.
 
Сонымен қатар, қазақстандық маман келешекте осыған ұқсас жағдайды шешуге қатысты өз ұсынысын білдірді. Ол үшін елімізде халықаралық жарыстар өткізілуі керек. Бұл арқылы халықаралық төрешілер корпусына қазақстандық қазылар іліге алады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Юлия Галышева Сочи Олимпиадасында жетінші орынды қанағат тұтты.  Оның ақтық кезеңге өтуіне небәрі 0,03 секунд жетпей қалды.  

Хабарламаларға жазылу