Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

22.01.2020
Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

Грекия парламенті бұрынғы Мемлекеттік кеңес (Жоғарғы әкімшілік соттың) басшысы Екатерина Сакелларопулуды президент етіп сайлады.

Оны басқарушы Жаңа демократия, оппозициялық «СИРИЗА» солшыл партиясы мен солшылцентристік «Движение перемен» альянсының заң шығарушылары қолдады. Атап айтқанда, 300 депутаттың 200-ден астамы оған дауыс берген. 

Сакелларопулу қызметіне 13 наурызда кіріседі. Әзірге ел президенті - Прокопис Павлопулос. 

Бұл елде президентті халық емес, парламент мүшелері сайлайды. 

Хабарламаларға жазылу