Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатындар салықты бөліп төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатындар салықты бөліп төлейді

12.11.2020

Елдегі салықтарға жаңа жеңілдіктер енгізіледі. Бүгін Сенат қараған Салық кодексіне осындай жаңалықтар бар. Онда зейнетақы қорынан шешіп алуға рұқсат етілетін соммаға салытан салыққа қатысты мәселеде өз шешімін тапты. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бұл салық толығымен алынып тасталмайды. Дегенмен қордан ақшаны алған кезде салық бірден төленбейтін болды. Сенат төрғасының айтуынша, қазіргідей кезеңде бұл төлем халыққа тиімсіз. Сондықтан аталған салықты тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылып отыр. Оның өзінде, бәрін бірден аудармай, 16 жылдың ішінде бөліп төлеу ұсынылды. Яғни, баспана алуға емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына бергенде соманы түгел алып пайдалануға болады. 

Бұдан өзге, салықтық жеңілдіктер пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдауға арналып отыр. Қазіргі мәлімет бойынша шағын кәсіпорындардың 30 пайызы қиын кезеңде жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Жабылып қалудың алдында тұрған өзге кәсіпорындарды сақтап қалу үшін шағын және орта бизнесті 2 жылға қосымша құн салығынан және әлеуметтік салықтан босату ұсынылып отыр. Орнына Мемлекет басшысының тапсырмасымен табыстың 3 пайызы көлемінде бөлшек салық енгізіледі. Жылжымайтын мүлік, көлікке қатысты да өзгерістер бар. 

Сенат зейнетақы жинағып пайдалану

Хабарламаларға жазылу