Зейнетақы жинағын пайдаланғандар табыс салығын бөліп төлейтін болды - Әшімбаев
Сенат Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады. Бұған сәйкес қазақстандықтар зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде табыс салығын бірден төлемейтін болды. Депутаттар бұл төлемді кейінге шегеруді және бірнеше жылға бөліп төлеуді ұсынды.
«Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ретінде төлеу керек. Оны қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейміз. Сондықтан аталған салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылып отыр. Оның өзінде, бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді», - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
Тек азаматтығын ауыстырмақ болғандар ғана зейнетақы жинағындағы қаражатты шешіп алу кезінде табыс салығын бірден төлеуі тиіс. Алайда салық БЖЗҚ шотындағы жинақтың қалған сомасынан ғана ұсталады.
Сондай-ақ сенаторлар Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қарау кезінде пандемия кезінде табысынан айырылған, салық бойынша қарызы бар азаматтар туралы мәліметтерді жариялау нормасын алып тастауды ұсынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12