Кәсіподақ федерациясы саяси науқанға бақылаушы ретінде қатысуға ниетті

09.11.2020

Кәсіподақтар федерациясы қаңтарда өтетін сайлау науқанына бақылаушы ретінде қатысуға ниетті. Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды. Одақ мүшелері науқанның саяси маңызды қадам екенін атап өтті. Мемлекетіміздің алдағы 5 жылдағы дамуы осы үміткерлердің қолында. Кәсіподақ өкілдері сайлау заңнамасындағы нормалардың дұрыс орындалуын қадағалайды. Саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге шамамен 3000-ға жуық бақылаушы өз үлесін қосады. Әр сайлау учаскесінде кемінде екі адам қызмет етпек. Қазір оларды алдын ала даярлау, оқыту жұмыстары қолға алынды.    

Мұхтар Тінікеев, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президентінің бірінші орынбасары:  
-Еңбеккерлердің құқығын қорғап, проблемаларын реттеу үшін біз оларды да биліктің барлық салаларында көргіміз келеді. Жуырда праймериздің өзіне еңбек адамдары арасынан 2000-ға жуық кандидат қатысып, олардың біразы келесі кезеңдерге өтті. Биыл Мәжіліспен қоса мәслихат сайлауыда партиялық тізім бойынша өтеді. Осы ауқымды шараның барынша әділ әрі ашық өтуі үшін ат салысып, ең ірі қоғамдық ұйым ретінде өз үлесімізді қоспақпыз.   

Раушан Сайлауқызы 


Кәсіподақ федерациясы саяси науқан сайлау сайлау учаскесі

Хабарламаларға жазылу