Павлодарда 21 жастағы қала тұрғынын ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 21 жастағы қала тұрғынын ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

28.10.2021

Павлодарда белгісіз біреулер 21 жасар қала тұрғынын ұрлап кетті. Оқиға 25 күні кешке болған. Таксиге отырған жігітті үш адам келіп, Лада приора көлігіне күшпен отырғызып алып кеткен. Оқиға орнына дереу жеткен полиция такси жүргізушісінің айтуымен көліктің бағғыт-бағдарын анықтап, іздеу салды. Нәтижесінде күдіктілер келесі күні көршілес облыстың аумағында ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.

Кеше түнде Қарағанды қаласында белгісіз біреу таксиске оқ жаудырды. Ер адамдардың арасындағы қақтығыстың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарады.

Кадрдан жанжал кезінде көлік жүргізушісі мен оған шабуылдаған екі азаматты аңғаруға болады. Артынша күші басым тараптағылардың бірі травматикаға ұќсас қарудан жүргізушіге үш мәрте оқ атады. Оқыс оқиға Майқұдықтың 15-ші ықшам ауданында болған. Сағат түнгі оннан аса 35 жастағы такси жүргізушісі мен оның 55 жастағы жолаушысы арасында төбелес болған. Куәгерлер жәбірленушіге мойын тұсына екі рет және кеудесіне оқ дарығанын айтқан. Ол жедел жәрдем көлігіне өз аяғымен отырған. Жағдайы қалыпты. Аталған жайт полицияда тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Хабарламаларға жазылу