Байден алдымен коронавируспен күресті қолға алатынын жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден алдымен коронавируспен күресті қолға алатынын жеткізді

09.11.2020

АҚШ-та президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден елде жаппай маска тағу режимін енгізеді. Алдағы күндері ол штаттардың губернаторларына хабарласып, бұл талаптың орындалуын қадағаламақ. 77 жастағы демократ жаңа қызметіне кірісуге дайын екенін білдіріп, алдымен коронавируспен күресті қолға алатынын жеткізді. Елдегі БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол бірнеше жарлыққа қол қойып үлгерген. Яғни Дональд Трамптың бастамаларына тыйым салуға ниетті. Бұл қызметте оған ел тарихында алғашқы қара нәсілді әйел вице-президент атанған Камала Харрис қолдау көрсетеді. Американың 46-шы президентінің халық алдында ант беру рәсімі қаңтардың 20-да өтеді деп жоспарланып отыр. Ал әзірге президент қызметін атқарып жүрген Дональд Трамп сайлау нәтижелеріне көңілі толмай, сотқа жүгінетінін білдірді. Ол демократтар дауыстарды санау барысында заңды өрескел бұзды деп отыр.    

Жансая Қапасқызы  


АҚШ президент сайлауы Дональд Трамп Джо Байден

Хабарламаларға жазылу