Атырау облысында жолаушылар пойызының қозғалысы реттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жолаушылар пойызының қозғалысы реттелді

20.04.2014
Атырау облысында жолаушылар пойызының қозғалысы реттелді
Батырбек Қуандықұлы, тілші:
Бүгін таңға жақын Атырау облысында жолаушылар пойызының қозғалысы реттелді. Сағыз-Мақат учаскесіндегі жол қозғалысы қалпына келтірілді. Кешегі төтенше жағдайдан соң, 10 жолаушылар пойызының кестесі өзгерген болатын. Жалпы, қалпына келтіру жұмыстарына 218 жұмысшы, 2 арнайы пойыз бен 25 техника жұмылдырылды. Қазір аталған оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясы арнайы комиссия құрды.
 
Төтенше жағдайдан кейін, құтқару қызметкерлері, жедел жәрдем оқиға орнында шұғыл жетті. Оқиға орнында Атырау облыстық ТЖД-нің 31 адамы, жеті техникасы және екі тікұшақ жұмыс істеді. «Қазақстан темір жолы» компаниясы жолаушыларды жақын жердегі станцияға дейін жеткізу үшін 14 вагон жіберді. Облыстық әкімдіктің және Төтенше жағдайлар министрлігінің жәрдемдесуімен зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетілді.
 
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу