Маңғыстауда 8 балалы отбасы газдан уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 8 балалы отбасы газдан уланды

09.11.2020

Маңғыстауда бүтін бір отбасының 9 адамы газдан уланып қалды. Оның 8-і - кәмелет жасқа толмаған балалар. Төтенше оқиға кеше түнде Ақшұқыр ауылында болды. Баспанасын газ баллонымен жылытатын үйде пештен ақау шыққан. Абырой болғанда, адамдар аман. Анасы мен 4 балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп үйіне жіберілді. Тағы 4 бала ауруханада жатыр. 

Гүлжан Ермекбаева, облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары:
Келген кезде балаларда әлсіздік болған. Бас айналу, көз қарауыту, 10 айлық балада мазасыздық белгілері боуына байланысты жатқызылды. Жағдайлары қалыпты қазір бақылауда.

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, бір азамат жарақат алды. Оқиға таңға жуық болған. Газдың атылуынан бірінші қабаттағы пәтердің есік терезелері түгел қирап қалған. Жарылыс кезінде тұтанған өрттен тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кеткен. Жалын 36 шаршы метр жерді шарпыды. 

Сондай-ақ апат болған үйдің екі жағындағы көрші пәтерлердің де терезелері сынған. Жарылыс кезінде жарақат алған 63 жастағы Ресей азаматына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол пәтерді жалға алып, тұрып жатқан.  

Аягөз Оралбайқызы, Ғани Қалмахан

маңғыстау газ жарылды

Хабарламаларға жазылу