Таразда өрттен бір отбасының 3 адамы қаза болды

06.11.2020

Таразда тағы бір отбасының үш адамы ыстан уланып қайтыс болды. Өңірде осыдан бес күн бұрын ғана, газ пешінің ақауынан бес адам уланып, екеуі көз жұмған еді. 

Сәбит Әлдебай, тілші: 
Оқиға түнгі сағат 3:00 шамасында қазір біз тұрған Қант зауыты маңындағы Уалиханов көшесіндегі мына жеке тұрғын үйде болған . Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіріп, үйден үш адамның мәйітін алып шықан. Алдын ала болжам бойынша, өрт саман кірпіштен соғылған үйдің шатырындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. 
Әскер Сарбатов, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:
Өрт өндірушілер келген кезде өрт өршіп көлемі үлкейіп кеткен. Өрт сөндіру қызметкерлері түнгі сағат 4:24-те өртті сөндірді, жалпы 58 минутта өрт толығымен сөндірілді. Қазір Ішкі істер органдарымен тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сәбит Әлдебай, тілші: 
Қазір қайғылы оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Өрт шыққан үйде төрт адам тұратыны белгілі болды. Көршілерінің айтуынша, аман қалған сегіз жастағы баланы анасы үйіне алып кеткен. Айта кетейік, Жамбыл облысында жыл басынан бері ыстан уланып 11 адам қайтыс болды. 
тараз өрт

Хабарламаларға жазылу