Канадада өрттен бір отбасының 7 баласы қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада өрттен бір отбасының 7 баласы қайтыс болды

20.02.2019

Канаданың шығысындағы Галифакс қаласында қайғылы оқиға болды. Мұнда сириялық босқындардың үйінде өрт тұтанған. Одан осы отбасының 7 баласының өмірі қиылды. Марқұмдардың ең кішісі - үш айлық, үлкені - 17-де.

Олардың ата-анасы өрт кезінде үйден шығып үлгерген. Жеңіл-желпі жараланған ерлі-зайыпты қазір ауруханада жатыр. Қала мэрі болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу