Павлодарда зауыт жұмысшысы 12 метр биіктіктен құлап мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда зауыт жұмысшысы 12 метр биіктіктен құлап мерт болды

06.02.2020

Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да 30 жастағы жұмысшы мерт болды. Ол 12 метр биіктіктен құлап кеткен. Түнгі ауысым операторы шамамен таңғы сағат 6:00 шамасында қайтыс болды. Әзірге оның не себепті жоғарыға көтерілгені белгісіз. 

Айта кету керек, өңірдің өндіріс ошақтарында соңғы жылдары жазатайым оқиғалар жиілеп кетті. Өткен жылы 120-ға жуық дерек тіркелген. Бұл жолы жұмыс беруші оқыс оқиға жөнінде құзырлы мекемелерге бірден хабар берген. 

Болат Аманбаев 

Хабарламаларға жазылу