Сенат кеме қатынасы туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан кемемен жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік алып отыр. Каспий теңізінен Ресей шекарасындағы өзендер арқылы Қара және Жерорта теңізіне шығуға болады. Бүгін Сенат «Кеме қатынасы туралы келісімді» ратификациялады. Оның негізінде Ресей арқылы жүк алып өту процедурасы жеңілдейді. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің байланысын нығайтуға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға және тауар айналымын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.
Берік Камалиев, ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрінің орынбасары:-Келісім қабылданғаннан кейін қазақстандық тасымалдаушылар өзен тасымалын арттыруға да мүмкіндік беріп отыр. Ертіс бассейні шегінде ғана емес Біз Обь өзенінен Хантамансиск округіне шығуға мүмкіндік алатын боламыз. 2025 жылға дейін өзен тасымалдарының көлемін біздің «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3,8 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12