Қызылорда облысында халықтың өмір жасын ұлғайтуға бағытталған жол карталары іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында халықтың өмір жасын ұлғайтуға бағытталған жол карталары іске қосылды

21.12.2015
Қызылорда облысында халықтың өмір жасын ұлғайтуға бағытталған жол карталары іске қосылды

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасында жергілікті тұрғындар арасындағы жарақат пен өлім-жітім санын азайтуға бағытталған арнайы Жол карталары іске қосылды.

«Арнайы бес құжат дайындалып жатыр. Аталмыш карталарда тексерістен бастап емдеуге дейінгі барлық шаралар қамтылмақ»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық сақтау мекемелерімен қоса тағы бірнеше мекеме осы шараға атсалысатын болады.

«Мәселен, жол апатынан зардап шегіп, көз жұмғандар саны азаяр емес. Бұл жерде тек дәрігерлердің көмегі аздық етеді. Полиция, әкімдік қызметкерлерімен бірігіп жұмыс істеу қажет»,- деді Әлназарова.

Одан басқа, облыста қан айналу жүйесінің аурулары айтарлықтай мәселе тудырған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 жыл ішінде 3599 коронография жасалған.

Онкологиялық ауру салдарынан көз жұмғандар қатары да артып келеді. 2015 жылдың 10 айы ішінде онкологиялық ауруға шалдыққан 4372 адам тіркелген. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда аурулар саны 253-ке көбейген, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу