Микроқаржы ұйымдары банктерге теңеседі - министр
Қазақстанда микроқаржы ұйымдары банктерге теңеседі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бұдан қарыз алушылардың жағдайы қаншалықты жақсаратынын түсіндірді.
«Меніңше, осы норманың арқасында несие алатындардың жағдай жақсарады. Мәселен, банктік емес секторға кіретін ұйымдар халыққа кредит береді, бірақ мөлшерлемелері, айыппұлдары мен комиссиялары да жоғары. Кредит алатындардың арасында қаржы жағынан сауатсыз адамдар да бар. Микроқаржы ұйымдары осыны пайдалануы мүмкін. Бұл азаматтарымыздың құқықтарын бұзады», - деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.
«Микроқаржы ұйымдары қазіргі таңда реттелмейді. Енді оларды қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Енді реттелетін болады. Яғни, кредиттің шекті мөлшерлемесі бойынша талап қойылады деген сөз. Қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Бұның барлығы несие алатындардың құқығын қорғайды және қаржылай тәуекелдерді азайтады», - деп түсіндірді Дәленов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында бұлақ көзін ашты
20.04.2026, 13:24
Банк қызметкерлері Есіл жағасын тазалады
20.04.2026, 13:21
Қара теңізге мазут төгіліп, құстар қырылды
20.04.2026, 13:18
АҚШ әскерлері Иранның сауда кемесін басып алды
20.04.2026, 13:15
Банктің бақылауы күшейді
20.04.2026, 13:12
Жалған хабарлама тарату – қылмыс
20.04.2026, 13:09
Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды
20.04.2026, 13:06
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды
20.04.2026, 13:03