Банктер мен микроқаржы ұйымдарына арналған жаңа талап бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына арналған жаңа талап бекіді

12.10.2021

Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары қарызды қайтаруға берілген мерзімнің өткені туралы борышкерге 20 күн ішінде ескертуге тиіс. Қаржы нарығын реттеу агенттігі түзету енгізілген заң осы айда күшіне енгенін хабарлады. Банктер сонымен бірге қарыз алған азаматқа өсімпұлдың нақты мөлшерін айтуға міндетті. Ал борышкер мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде банкке жүгінуі керек. Несиені уақытында қайтармаудың нақты себебін көрсетіп, төлем жасауға қауқарсыз екенін растайтын құжат беруі тиіс. Қаржы ұйымдары борышкердің өтінішін қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға міндетті. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу