Алматыда науқастар саны екі есе артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда науқастар саны екі есе артты

03.11.2020

Алматыда да коронавирус жұқтырғандар саны 2 есе өскен. Қыркүйек-қазан айларында тіркелген науқастар 165-тен 360 адамға дейін жетті. Эпидемиологиялық тексеру жүргізгенде: індетті көбіне ұжымда, көпшілік орындар, қоғамдық көлік пен көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде жұқтырғаны белгілі болған. Басты себептердің бірі - бетперде тақпау және қоғамдық көлікте жолаушылардың арақашықтық сақтамауы. Соңғы уақытта офис қызметкерлері арасында да инфекция жиі табылып отыр.

Сондай-ақ жастардың түрлі жиын-той, ойын-сауық кештеріне барып, жанұя мүшелеріне жұқтыру дерегі де көбейген. Сондықтан Алматыда санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы жаңа қаулы шықты. Оған сәйкес көпқабатты үйлер аптасына 3 рет дезинфекцияланады. Сондай-ақ қоғамдық көліктің тазалығы да жіті назарда болады. Соңғы аялдамада автобустардың ішін міндетті түрде дезинфекциялап, жуу міндеттелді. 

Жазира Оразқызы


Алматы науқас каратин инфекция жаңа қаулы дезинфекция

Хабарламаларға жазылу