Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

30.10.2020

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен шетелдерде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. «Болашақ» бағдарламасы бойынша биыл алғашқы конкурстық іріктеуінен 106 шәкіртақы тағайындалған. Бүгін комиссия қарауында 57 үміткерге «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау туралы шешім қабылданды. 

Айта кетейік, осы жылы халықаралық бағдарлама аясында жалпы 555 стипендия бөлінген еді. 

Фариза Мұсақызы

болашақ бағдарламасы республикалық комиссия ақорда

Хабарламаларға жазылу