«Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары мақұлданды

07.08.2015
«Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары мақұлданды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

 Комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының әлеуетін «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруда кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында Комиссия мүшелері «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады. Даму жоспарында қарастырылған «Болашақ» стипендиясын дамытуға және жетілдіруге бағытталған бастамалар талқыланды.

Сонымен қатар, отырыста кезекті конкурстық іріктеудің үміткерлеріне стипендия тағайындау мәселелері және азаматтардың өтініштері қаралды.

Мемлекеттік хатшы отырыс қорытындысы бойынша Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын одан әрі ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу