Алматыдағы банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

16.10.2020

Алматыда банкке қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға кеше 18:00 шамасында Сейфуллин және Гоголь қиылысындағы Kaspi Bank бөлімшесінде болған. 

Бейнежазбада 2 ер адам ғимарат ішіне басып кіріп, біреуі әйнекті сындырады. Банк таратқан мәліметі бойынша, қарақшылар 2 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен. Қазір құқық қорғау органдары қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

Дарын Сағитов

Алматы банк шабуыл

Хабарламаларға жазылу