Нұр-Сұлтанда Мәдениет басқармасының басшысы парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда Мәдениет басқармасының басшысы парамен ұсталды

03.06.2020

Нұр-Сұлтанда мәдениет басқармасының басшысы пара алу кезінде ұсталды. Ақпарат көздеріне сүйенсек, Нұрлан Сыдықов, «Алау» спорт нысанын күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты 10-12 миллион теңге көлемінде ақша алып жатқан кезде қолға түскен. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің өзі тергеу изоляторына қамалған.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу