Алматыдағы кинотеатрлардың билет бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы кинотеатрлардың билет бағасы қымбаттады

29.10.2020

Алматыда кейбір кинотеатрлар билет бағасын қымбаттатып жатыр. Мәселен, еліміз бойынша кешкі сеанстың бағасы көктемде 2000 теңге болса, қазір бұл баға 30 пайызға дейін қымбаттаған. Кәсіпкерлер мұны залға көрермендердің толық толмауымен түсіндіреді. Оған қоса қосымша санитарлық талаптарды сақтау үшін қолданылатын керек-жараққа кететін шығын тағы бар. 

Бас санитар дәрігердің қаулысы бұзылса, қомақты айыппұл арқалап, тіпті қайтадан жабылуы мүмкін. Десе де кинотеатр басшылары нарықтың сұранысын зерттеп, алдағы бір-екі аптаның көлемінде билет бағасын нақты белгілейтін боламыз дейді. 

Дмитрий Кириенко, Кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры: 
Біз бұған дейінгі баға тарифін мейлінше ұстап тұруға тырысып жатырмыз. Жеті айдан соң ашылғанымыз енді ғана. Бір аптаның көлемінде келушілердің санына байланысты өзіміз сараптама жасап, нақты бір шешімге келетін боламыз.

Нұрхан Нұрланұлы

Алматы кинотеатр билет

Хабарламаларға жазылу