Ресейде эпидахуал күрт нашарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде эпидахуал күрт нашарлады

28.10.2020

Өткен күні коронавирус 16 мыңнан астам адамнан табылып, 346 науқас көз жұмды. Осыған байланысты шектеу шаралары күшейтілді. Бүгіннен бастап барлық қоғамдық орындарда міндетті түрде маска тағу міндет. Сонымен қатар, індет өршіп тұрған өңірлерде коменданттық сағат енгізу жоспары да қарастырылып жатыр.

Италияда тәуліктік науқастар саны мен өлім-жітім күрт көбейгендіктен, қоғамдық жұмыс орындары жабылды. Үкімет кәсіпорындарға көмек ретінде 6 миллиард доллардан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Алайда шектеу шараларының күшейтілуіне көңілі толмаған халық наразылық білдірді. 

Францияда жағдай әлдеқайда күрделі. Мұнда соңғы тәулікте індеттен 523 адам қайтыс болды. Науқастардың көптігінен ауруханаларда орын тапшы. Жалпы елде ковидке шалдыққандар саны 1 миллион 245 мыңнан асты. 

Ресей эпид ахуал коронавирус маска тағу

Хабарламаларға жазылу