Білім министрі ЖОО басшыларына педагогтарды міндетінен тыс жұмысқа тартпауды қатаң ескертті

22.09.2020
Білім министрі ЖОО басшыларына педагогтарды міндетінен тыс жұмысқа тартпауды қатаң ескертті

Білім министрі ЖОО басшыларына педагогтарды міндетінен тыс жұмысқа тартпауды қатаң ескертті. 

«Педагогтарға ойға сыймайтын талап қоятын ЖОО-лар бар. Жазда кейбір білім ордаларындағы педагогтардың жұмысы қанша абитуриентті оқу орнына тарта алатынына байланысты бағаланады. Бұл тіпті нонсенс. Шын мәнінде педагог өз ісімен айналысуы керек», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппараттық отырысында.

Министрдің айтуынша, ЖОО-ның педагогтарына қатысты қағазбастылық проблемасын шешу керек.

«Қазір миға сыймайтын есеп түрлері бар. Мойындау керек. Кәсіпті айқындау журналы, жұмысқа орналасқаны туралы анықтама талап етіледі. ЖОО-лардың біразы әлі күнге дейін осы анықтаманы талап етіп жүр. Оның не керегі бар? Білім және ғылым министрлігіне ол құжат мүлде керек емес. Қазіргі уақытта біз академиялық және басқарушы құзыреттердің бәрін университеттерге беріп жатырмыз. Соның шеңберінде министрлік реттеп отырған әртүрлі құжаттың бәрін алып тастадық. Енді осы бұйрықтың шеңберінде жұмыс істеу керек. Білім және ғылым министрлігі университеттерден ешқандай құжаттарды талап етпейді», - деді ол .


Хабарламаларға жазылу