Тоқаев Ұлттық сенім кеңесі үшін ротация несімен маңызды екенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Ұлттық сенім кеңесі үшін ротация несімен маңызды екенін айтты

22.10.2020
Тоқаев Ұлттық сенім кеңесі үшін ротация несімен маңызды екенін айтты

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент әрі кеңес төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес үшін ротация несімен маңызды екенін айтты. Яғни, кеңес мүшелерінің жаңарып, ауысып отыруы Тоқаев атап өткедей, кеңестің ашық екенін әрі әртүрлі мәселе мен пікірді қамтитытын көрсетеді.  

“Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына бір жылдан асты. Осы уақыт аралығында кеңес толық қалыптасты, оның қажеттілігіне баршамыз көз жеткіздік. Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орнататын құрылымға айналды. Кеңес мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, соны жүзеге асыруға күш салуда”, - деді кеңестің төртінші отырысында сөз алған Президент.  

Тоқаев атап өткендей, пандемияға қарамастан, кеңесте өзекті мәселелер тұрақты талқыланып келеді. 

“Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі - қоғам өкілдері мен сарапшылардың жабық клубы емес, бұл ұдайы жаңарып отыратын ашық диалог алаңы. Бұнда түрлі ұстаным мен көзқарас тұрғысынан сан алуан пікірлер айтылады. Ротацияның негізггі мақсаты да - осы“, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабарламаларға жазылу