Халық баспана кезегінің жылжуын бақылай алмай отыр – Ұлттық кеңес мүшесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық баспана кезегінің жылжуын бақылай алмай отыр – Ұлттық кеңес мүшесі

22.10.2020

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналды. Оның мүшелері ел үшін маңызды шешімдер әзірлеп, олардың жүзеге асуына күш салып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің IV отырысында осылай деді. Онлайн өткен жиында мемлекеттік басқару реформасын жаңғырту, құқық қорғау саласы, соның ішінде қорғаушыларға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту, ауылдағы ағайынға жеңілдетілген несие беру, интернеттегі ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту жайы да сөз болды. Өзекті мәселенің бірі – баспана кезегінің ашықтығы. Қазір тұрғын үймен қамту бағытында 7 мемлекеттік оператор қызмет көрсетеді. Бірақ, кезекте тұрғандардың тізімі осы күнге дейін ашық жарияланған емес.  

Ләззат Қожахмет, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
Кім кезекпен үй алды? Өз кезегімен алып жатыр ма? Жемқорлық фактілері орын алып жатыр ма? Осының барлығы сайтта ашық көрініп тұру керек. Мысалы, былтыр үй алғандар әлі күнге дейін кезекте тұр. Кезек жаңармай жатыр.

Дарын Сағитов

Ұлттық кеңес баспана баспана кезегі

Хабарламаларға жазылу