Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілді

06.09.2019

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент аталған кеңес жұмысының негізгі басымдықтары туралы айтып берді. Ол реформаларды алдыға ентелемей, ойластырып жүзеге асыру және ашық мемлекет қағидасын қалыптастыру. Бұл ретте Президент жер сату мен ел аумағында көптеген Қытай кәсіпорындары ашылады деген қауесеттерге қатысты да пікір білдірді.

Мемлекет басшысы мұндай алып қашпа әңгімелерді тарату белгілі бір теріс мақсатты көздеп, оған жету үшін эмоционалды азаматтарды пайдаланатын қаскөйлердің тірлігі екенін айтты.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында экономика, әлеумет, саяси жаңғыру топтарының өкілдері сөз сөйледі. Кеңестің отырысынан кеңейтілген материалды алдағы шығарылымдарда көре аласыздар. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу