Спортшылардың шетелдердегі жарыстарға қатысуына рұқсат етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спортшылардың шетелдердегі жарыстарға қатысуына рұқсат етілді

19.10.2020

Елде карантин басталғалы бері кинотеатрлар 20 миллиард теңге шығынға батқан. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі мәлімдеді. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, кинотеатрларға осы кезде барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Олар жеке табыс және әлеуметтік салықтардан жыл соңына дейін босатылған. Тексерістер де жүргізілмейді. 

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
-Біз өзіміз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кино саласының қызметкерлері, жалға алушылар, сондай-ақ кинотеатр саласының мамандарымен он шақты кездесу өткіздік. Нәтижесінде кинотеатрлар мен басқа да спорт нысандары преференциялар мен салық жеңілдіктері түрінде ұсынылған қолдау шараларына қосылды.

Қазақстандық спортшыларға шетелдердегі жарыстарға қатысуға рұқсат берілді. Бұған дейін індеттің таралауына байланысты атлеттердің өзге мемлекеттерге баруына шектеу қойылған еді. Олар өзге мемлекетке кірерде және Қазақстанға оралғанда ПТР тестілеуден өту қажет. «Астана» баскетбол клубы, футболдан ұлттық құрама, жастар мен әйелдер тобы және «Барыс» хоккей командасы сыртта ойындарға қатыспақ. Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша бүкіл турнирлер көрермендерсіз өтіп жатыр. 

Фариза Мұсақызы

Спорт жарыс

Хабарламаларға жазылу