Елордада ақылы автотұрақтар саны артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ақылы автотұрақтар саны артады

18.10.2021

Елордада ақылы автотұрақтар саны артады. Қалалық әкімдік тек орталық көшелердегі ғана емес, шет аудандардағы тұрақтарды да ақылы қылуды жоспарлап отыр.

Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы аудандарын қоса алғанда 5 мыңнан астам тұрақ үшін тиын төлеу керек болады. Сағаты - 100 теңге. Жауаптылардың айтуынша, бұл көлік кептелісін азайтып, автотұрақ жетіспеушілігі мәселесін шешеді.

Қазір паркоматтар орнатылып, тұрақ алаңдарында арнайы белгілер қойылып жатыр. Айта кетейік, алдағы уақытта ақылы тұрақ санын 10 мыңға жеткізу көзделген. 

Хабарламаларға жазылу