Алматы облысында қару көрсетіп мақтанғандар қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қару көрсетіп мақтанғандар қолға түсті

16.10.2020

Алматы облысында ірі көлемде ақша, тапанша және Калашников автоматын таспаға түсіріп мақтанған жаркенттіктер ұсталды. Әлеуметтік желіге жүргізілген сараптамадан кейін бейнеролик авторлары Алматы қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары екені анықталды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. 

Қуаныш Қанатұлы

Алматы облысы қару

Хабарламаларға жазылу