Елбасы Қорғаныс министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Қорғаныс министрін қабылдады

28.12.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевті қабылдады. Кездесуде Қарулы күштердің дайындығы мен 2020 жылдың жұмыс нәтижесі баяндалды. Әскери медицинаны дамыту жайы талқыланды. Қауіпсіздің кеңесінің төрағасы Нұрлан Ермекбаевқа бірнеше нақты тапсырмалар берді.   

Сондай-ақ, Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты да қабылдады. Ел экономикасының 2021 жылға арналған даму жоспары, індет кезіндегі әлемдік нарықтағы жағдайы талқыланды. Ерболат Досаев экономиканы қалыпқа келтіру мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларына тоқталды және Ұлттық қор мен зейнетақы активтерін басқару бойынша баяндама жасады.   

Ақниет Балтанова  


Қорғаныс министрі Елбасы Нұрлан Ермекбаев

Хабарламаларға жазылу