БҚО-да індет жұқтырғандар арасында шетелден келгендер көп
Соңғы 10 күн ішінде Ресейден өңірге 5 мың адам келсе, соның 358-і ПТР тесті болмағандықтан карантиндік стационарға жатқызылған. 8 адамнан ковид анықталды. Бұған қоса тесттен өтпеген 58 шетелдік азамат кері қайтарылған. Осыған байланысты жақын күндері шекарадағы сақтық шаралары күшейтілмек. Облыста білім беру ұйымдарында да коронавирус жұқтыру деректері анықталып отыр.
Мұхамғали Арыспаев, Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:
-Бөрлі ауданында балабақшада бір тәрбиеші ауырды. Қазіргі кезде балабақшада карантин қойылды. Қарым-қатынаста болған балалар, тәрбиешілердің барлығы ПТР диагностикаға алынады.
Маңғыстауда да 3 оқушы мен 1 мұғалімнен қатерлі індет анықталды. 3-сынып оқушысы емделіп шықты. Ал, кеше бір отбасындағы 5 адамнан инфекция табылды. Оның екеуі оқушы. Балалардың бірі кезекші сыныпта оқиды. Сондықтан сыныптастары мен мұғалімі үй карантинінде.
Рауан Диәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 10:13
SuperStar KZ: Алғашқы шығарылым жоғары рейтинг жинады
11.09.2026, 10:03
Қостанайлық жастар ұлттық құндылықтарды заманауи контент арқылы дәріптеп жүр
11.09.2026, 10:02
Жаңа орфографиялық сөздік әзірленеді
11.09.2026, 10:00
Нью-Делиде БРИКС саммиті қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді
11.09.2026, 09:59
Ресейде санкция салдарынан ірі кәсіпорындар жабылып жатыр
11.09.2026, 09:56
Алматыда қаржы технологиялары мен цифрлық экономиканың келешегі талқыланады
11.09.2026, 09:56
eGov атынан жасалатын алаяқтық көбейген
11.09.2026, 09:54