Мәйіт донорлығы: Қазақстанда екі күнде 500 адам өтініш берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәйіт донорлығы: Қазақстанда екі күнде 500 адам өтініш берді

16.10.2020

Елде цифрландыруды ширату үшін тиісті министрліктің құзіретін арттыру керек. Сенатта өткен үкімет сағатында Бағдат Мусин осылай деді. Оның айтуынша, ауылдарға интернет тарту, түрлі платформалар әзірлеу бойынша жұмыстар сапамен емес санмен есептеліп жатыр. Соны бақылау үшін заңға өзгерістер енгізу керек.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Проблемалар ашық айтылды. Пандемия кезінде онлайн оқуға көшкендіктен интернет қажеттілігі өте өзекті болды. Ауылдарға интернет тартылып жатыр. Бірақ оның сапасын бақылау мүмкін емес. Интернетті министрлік өзі тартпайды. Белгілі, мүдделі компанияларға береді. Ал оның сапасын бақылау қиын.  
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Қазір телефонда мобильді интернет бар деп санауға мәжбүрміз. Оларға айыппұл да бере алмаймыз. Сондықтан біріншісі заңға өзгерістер енгізуіміз керек.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Интернет болған күннің өзінде онлайн оқу платформаларының жұмысына қатысты проблемалар бар. Оларды пайдалану қиын. Түсініксіз. Осыдан болып ата-аналар да оқушылардың үлгерімін қадағалай алмайды. Министр қазір 13 платформа жұмыс істеп тұрғанын, бәсекелестік жағдайда қайсысы оза шығады сол бойынша жұмыс толық жалғасатынын айтты. Дегенмен атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Мемлекеттік қызметті электронды ұсыну бойынша біраз шаруа атқарылған. Мәселен, денсаулық сақтау кодексінде көрсетілгендей ағзаны донарлыққа беру-бермеу туралы келісім де цифрландырылды. Бірнеше айдың ішінде қағаз жүзінде 300-ден аса адам ғана таңдау жасаған. Ал электронды порталға енгізілген соң 2 күннің ішінде 500-ге жуық адам сайтқа кіріп, донор болу-болмау туралы таңдау жасаған. 
мәйіт донорлығы egov сенат Бағдат Мусин донор

Хабарламаларға жазылу