Испанияда орман өрті 6 күнге созылып, тұрғындар үйлерін тастап кетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда орман өрті 6 күнге созылып, тұрғындар үйлерін тастап кетуде

13.09.2021

Испанияның Андалусия өңірінде алапат орман өрті қаулап жатыр. Тілсіз жаудан қатер төнгендіктен, 6 қала мен ауыл тұрғындары түгелдей қауіпсіз жерге көшірілген.

Эстепона курорттық қаласында өрт өткен аптаның ортасынан бері дес бермей жатыр. Лапылдаған жалын 7400 гектар алқапты шарпыған. Осыған орай 2 мыңдай адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Испания үкіметі таулы аймақтағы отты сөндіруші мамандарға көмекке әскерилерді де жіберді. Сонымен қатар, бұл операцияға 41 ұшақ, 25 арнайы техника жұмылдырылған.

Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, Еуропада соңғы кездері жиілеп кеткен өртке климаттың өзгеруі себепші.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу