Ауылдықтар жалақының аздығынан баспана ала алмай жүр

15.10.2020

Ауылдағы халық айлықтың аздығынан баспана ала алмай жүр. Депутаттар елді мекендегі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды сұрады. Статистикаға сәйкес биылғы орташа жалақы 200 мың теңгеден асса, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер кірісі 127 мың теңге. Депутаттардың айтуынша, әсіресе шекаралас ауылдардағы тұрғындардың жағдайы нашар. Баспана сатып алуға табыстың төмендігі кедергі.

Ал мемлекеттік бағдарламалар шалғайда тиімді жүзеге аспайды. Мәселен, үш жылда «Нұрлы жер» арқылы 10 млн шаршы метр тұрғын үй салынған. Бірақ баспанаға қаржы бөлерде Нұр-Сұлтан, Алматы және облыс, аудан орталықтары ғана ескеріледі. Ал шағын елді мекендердің ұмыт қалатынын айтады. 

Ақерке Бектас 

Ауыл айлық баспана

Хабарламаларға жазылу