Келер жылы мұнай бағасы 50 долларға дейін көтерілуі мүмкін

14.10.2020

Халықаралық рейтинг агенттігі қара алтын құны өседі деп болжап отыр. Экономиканы қолдауға бағытталған шаралар жалпы ішкі өнімнің өсуіне ықпал етеді. Инфляция алдағы үш жылда 5,5% -ке дейін төмендейді. Ал доллар жыл соңына қарай 430 теңгеден саудаланса, келер жылы 440 теңгеге көтеріледі. Қаржыгерлер қауымдастығы сарапшыларының айтуынша, халықтың теңгеге деген сенімі жоғары. Сауалнама сәйкес, ақшаны теңгемен сақтайтындардың үлесі 70%-ке жеткен. Олардың 34%-і долларға басымдық берсе, 16%-і еуромен жинайтынын жеткізген.   

  Ақерке Бектас 


мұнай

Хабарламаларға жазылу