Мұнай бағасы 2020 жылы 80 долларға жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы 2020 жылы 80 долларға жетеді

10.11.2015
Мұнай бағасы 2020 жылы 80 долларға жетеді
Бүгін биржаларда «Брент» маркалы мұнайдың баррелі 48 долларға сатылды.

Мұнай бағасы 2020 жылы ғана 80 долларға жетеді. Бұл турасында Халықаралық энергетикалық агенттіктің жыл сайынғы баяндамасында айтылған.
«Қара алтынның» бір бөшкесінің құны осы онжылдықтың соңына дейін 50 доллар төңірегінде болып, 2040 жылы 85 долларға жетуі мүмкін.

Баяндаманың өзге бір мәліметіне жүгінсек, шикізат нарқының 25 жылдан кейін өсуіне Қытай мен Үндістанда энергетикалық отынға сұраныстың артуы себеп болмақ.

Сонымен қатар, құжатта келесі жылы әлем экономикасының даму қарқыны баяулайтындығы, шикізатқа сұраныстың өспейтіндігі туралы болжам да бар.
Бүгін биржаларда «Брент» маркалы мұнайдың баррелі 48 долларға сатылды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу