Пьер Андюран: Мұнай бағасы 50 долларға дейін өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пьер Андюран: Мұнай бағасы 50 долларға дейін өседі

25.01.2016
Пьер Андюран: Мұнай бағасы 50 долларға дейін өседі

Өткен жылы мұнайдың бағасы барреліне 25 долларға дейін құлдырайтынын болжаған мұнай трейдері және Andurand Capital қорының негізін қалаушы Пьер Андюран таяудағы екі жылда оның өсетінін де айтты. Бұл туралы трейдер Блумбергке берген сұхбатында мәлім еткен.

«Біз мұнайдың төмен бағалары қайта жоғарылауымен алмасатын әлемде өмір сүріп отырмыз. Шын мәнісінде оның бағасы ең төменгі межесіне жетті деп санаймын», - дейді Андюран.

Оның пікірінше, ағымдағы жылы мұнай бағасының баррелі 50 долларға дейін, ал 2017 жылы - барреліне 70 долларға дейін өседі.

Андюран биылғы жылы мұнай бағамының өсу себебі ОПЕК-ке кірмейтін елдерден жеткізілімдердің қысқаруы болмақ, деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ 2018 жылы мұнай бағамы барреліне 90 долларға дейін өсуі мүмкін, деген болжам айтты, деп жазады РБК.

Хабарламаларға жазылу