Түркияда 112 медицина қызметкері вирустан қайтыс болған
Түркияда алғаш коронавирус тіркелген наурыз айынан бері 112 медицина қызметкері осы вирустан қайтыс болған. Бұл мәлімет Түркия Медицина қауымдастығы жасаған арнайы баяндамада көрсетілген. Көз жұмғандардың 48-і дәрігер, қалғандары жалпы медицина қызметкері. Ал вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 30 мыңға жуық дейді қауымдастық өкілдері. Жалпы елде вирус жұқтырғандар саны 330 мыңнан асқан. Олардың 296 мыңы жазылып шығып, тоғыз мыңға жуығы қайтыс болған. Күн сайын 1600-дей адамға коронавирус диагнозы қойылады.
Фахреттин Қожа, Түркияның денсаулық сақтау министрі:-Елімізде вирус жұқтырғандар саны тағы да артып отыр. Дегенмен бұл барлық облыстарымызға қатысты емес. Негізінен ірі қалаларда вирус тез жайылып жатыр. Әсіресе жасы ұлғайған азаматтарымыздың арасында вирус тез тарауда. Сондықтан да осы дерттен қайтыс болғандар саны да өкінішке қарай өсіп барады. Баршаңызды гигиеналық тазалық пен арақашықтықты сақтауға шақырамын.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада: Бүгін 9 спортшы жарысқа шығады
17.02.2026, 13:24
Десанттық бөлімдерде жауынгерлік тексеріс басталды
17.02.2026, 13:21
Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшы пікір айтты
17.02.2026, 13:15
Референдум – ұлт болашағын айқындайтын стратегиялық қадам
17.02.2026, 13:12
Ақтөбе еңбек ұжымдары конституциялық жобаны талқылады
17.02.2026, 13:09
Коалиция мүшелері Жамбыл облысы халқымен жүздесті
17.02.2026, 13:06
АҚШ Таяу шығыстағы әскерін күшейтіп, бірнеше апталық операцияға дайындалуда
17.02.2026, 13:03
Импортты азайтуға септесетін нақты бағыттар айқындалды
17.02.2026, 13:00