Талдықорғанда індеттен қайтыс болған дәрігерлерге ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда індеттен қайтыс болған дәрігерлерге ескерткіш қойылды

22.09.2021

Коронавируспен күрес кезінде індеттен қайтыс болған медицина саласының қызметкерлеріне арналып Талдықорғанда ескерткіш ашылды. Пандемия басталғалы 900-ге жуық медицина қызметкері індет жұқтырып, 14 білікті маман көз жұмды. Қоладан құйылған «Аяулы алақан» композициясы дәрігерлердің аялы алақаны іспетті болса, ортасында өсіп тұрған үйеңкі өмірді бейнелейді. Ескерткішпен бірге дәрігерлер аллеясы да ашылды. Кешен жаңадан салынған модульдік инфекциялық аурухана маңында орналасқан.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу