Ресейде бір күнде 14 мыңға жуық адамнан COVID-19 табылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бір күнде 14 мыңға жуық адамнан COVID-19 табылған

13.10.2020

Ресейде өткен тәулікте 13868 адамнан коронавирус табылды. Бұл -пандемия басталғаннан бергі ең жоғары біркүндік жұқтыру көрсеткіші. Сонымен қатар, кейінгі 24 сағатта Федерация аумағында COVID-19-дан 244 науқас қайтыс болған. Бұл да рекорд. РБК-ның хабарлауынша, жұқтырғандардың ішінде 13 губернатор бар. 

Дәрігерлердің ойынша, коронавирусқа шалдыққандардың күрт көбеюіне демалыс маусымының аяқталуы мен оқу процесінің қайта басталуы себепші. 

Жалпы алғанда, Ресейде сенбіден бері қауіпті инфекция күніне 13 мыңнан астам тұрғыннан анықталып жатыр. Соған қарамастан жергілікті билік толық карантин жариялауға негіз жоқ дейді.

Арыстан Рысбек

коронавирус Ресей статистика рекорд

Хабарламаларға жазылу