Жамбыл облысында бұзақылар полицейді ұрып, көлігін тартып алған
Жамбыл облысында бұзақылар полицейді сабап, қызметтік көлігін тартып алған. Оқиға Шу қаласында болды. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кешкі сап түзеуден қайтып бара жатқан тәртіп сақшысы Қонаев көшесінің бойында жол үстіне тұрған адамдарды байқайды. Бірнеше мәрте дабыл белгісін басып, ескерту жасаған. Алайда оны елемеген бір топ жігіт ақыры полицейдің өзін соққыға жығып, астындағы қызметтік көлігін айдап кеткен. Күдіктілер ұсталды. Олар 30 жас шамасындағы Шу қаласының тұрғындары болып шықты.
Мақсат Жаманқұлов, Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы:Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың ешқайсысы бұрын істі болмаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл әрекеті үшін олар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18