Мамандар өкпе қабынуынан кейін организмге қандай күтім керек екенін айтты

15.10.2020

Вирус жұқтырған адамның өкпесі бірден қабынады. Оны асқындырып алмау үшін кешіктірмей дәрігерлерге жүгіну қажет. «Алайда дерттен емделіп шыққан күннің өзінде салдарымен күресуге тура келеді»,- дейді мамандар. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал. Бірақ бұл бірден антибиотик қабылдау керек дегенді білдірмейді. Керісінше жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. 

Айдын Саятұлы, дәрігер анестезиолог-реаниматолог:
Фиброз процессімен күресу үшін адам ауруханадан шыққаннан кейін өзі жергілікті дәрігерге көрінуі керек, міндетті түрде пульмонолог дәрігерге көрініп, тіркеуге тұру қажет. Арнайы тыныс алу жаттығуларын жасап, салауатты өмір салтын ұстанып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға тырысу қажет.

Айнұр Ихамбаева, клиникалық фармаколог:
Жеке гигиенаны сақтау, дүкенде төлем жасау кезінде ара қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше карта қолдану. 

Мадина Жолдас

Антибиотик коронавирус дәрігер кеңесі

Хабарламаларға жазылу